"Сэндитон": Джейн Остиннің соңғы романы экранизацияланды

"Сэндитон": Джейн Остиннің соңғы романы экранизацияланды
Фото: vk.com

Британиялық ITV телеканалы жаңа фильмнің кадрларымен бөлісті. Бұл ағылшындардың мықты жазушыларының бірі Джейн Остиннің "Сэндитон" аталатын романының киноадаптациясы.

Бір қызығы, 1817 жылы автордың өмірден өтуімен байланысты роман аяқталмай қалған.

Сюжет бойынша Шарлотта Хейвуд есімді басты кейіпкер әкесінің үйінен кетіп, үлкен өмірге аяқ басады. Сол жолында өзінің мәңгілік махаббатын жолықтырады. Жас қыздың жолында одан өзге сын көп болады.

Сериал премьерасы биыл болады.

А. Оралқызы