"Мұқағали" фильмінің түсірілімі басталды

"Мұқағали" фильмінің түсірілімі басталды
Фото: Tengrinews.kz

"Қазақфильмде" "Мұқағали" көркем фильмінің түсірілімі басталды. Картина ақиық ақын Мұқағали Мақатаев жайында сыр шертеді.

Фильмнің режиссері танымал қазақстандық режиссер Болат Қалымбетов. Сценарийді Жүсіпбек Қорғасбек, Болат Қалымбетов және Ғазиз Насыров жазған. Туынды экзистенциалдық драма жанрында түсіріледі. Картинаның түсірілімін ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ қолға алды.

"Бұл фильм ақын жайлы ғана емес, адам жайлы, адамның тағдыры жайында",- дейді фильмнің режиссері Қалымбетов. Түсірілім жұмыстары Өскемен қаласында басталды. Одан кейін түсірілім тобы Санкт-Петербург, Алматы және Алматы облыстарына жол тартпақ.

Режиссердің айтуынша, картина Мақатаевтың өмірінің соңғы жылдары туралы баяндайды. Біз фильмде Мұқағали Мақатаевпен есейге кезінде, Қазақ КСР Жазушылар Одағы ақынның тағдырын отырыста шешкен уақытта танысамыз...

А. Рысдәулет