Cannes – 2019: Ален Делон "Алтын пальма бұтағын" алды

Cannes – 2019: Ален Делон "Алтын пальма бұтағын" алды

Аты аңызға айналған француз актеры Ален Делон кинематографқа қосқан үлесі үшін "Алтын пальма бұтағын" алды.

Салтанатты марапаттау рәсімі жексенбіде өтті. Шарадан кейін Ален Делон түскен 1976 жылғы "Месье Кляйн" қылмыстық драмасы Фестивальдар сарайында көрсетілді.

Марапатты алғаннан кейін 83 жастағы актер осындай аса мәртебелі марапатты қабылдауға ұзақ уақыт күмән келтіргенін айтты. Делонның осы марапатты алатыны ертерек белгілі болған еді. Бірақ, оның саяси және әлеуметтік мәселелерге қатысты пікірлерін құп көрмейтіндер бұл шешімге қарсы петицияға қол жинады. Тіпті, 200 мыңнан астам қол жиналған деседі. 

Бірақ, Канн кинофестивалін ұйымдастырушылар: "Біз оның актер ретіндегі еңбегін бағалап отырмыз. Ален Делонның кинематографқа қосқан үлесін ешкім жоққа шығара алмайды",- деді.




ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Соңғы жаңалықтар

Marhaba Sabi - Marsqa
NINETY ONE - QIYALMAN