Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Мәдениет / Кино / Арнольд Шварцнеггерге бейтаныс біреу шабуыл жасады

Арнольд Шварцнеггерге бейтаныс біреу шабуыл жасады

Арнольд Шварцнеггерге бейтаныс біреу шабуыл жасады

18 мамыр күні Оңтүстік Африка республикасына іссапармен барған әйгілі киноактер Арнольд Шварцнеггерге белгісіз біреу шабуыл жасады. 71 жастағы киножұлдыз бұл жағдайға кешіріммен қарап, арыз жазудан бас тартты.

Актер жанкүйерлерімен сөйлесіп, суретке түсіп жатқан уақытта белгісіз біреу Арнольдтың ту сыртынан жүгіріп келіп тепкен. Дәл осы сәт қосылып тұрған Снэпчат желісіне түсіп қалған. Видео қазіргі уақытта барлық желілерде тарап кетті.

Орын алған бұл жағдайға байланысты Шварцнеггер Facеbook желісіндегі жеке парақшасына былай деп жазды:

"Алаңдап жатқандарыңызға рақмет. Алайда, уайымдайтын ештеңе жоқ, бәрі дұрыс. Мені әдеттегідей артымнан бір топ адам итеріп жатқан шығар деп ойладым. Не болғанын сіздер сияқты видеоны көрген соң бірақ білдім".

Актер ОАР-ға жыл сайын өтетін «Арнольд Классик Африка» спорт фестиваліне барған. Ол бұл жағдайды ұмытып, Африкадағы спорт мәселелерін шешуді назарға алу керектігін айтты. Актердың айтуынша, ArnoldSports платформасының аясында спорттың тоқсаннан астам түріне, 24 мыңнан астам спортшыға қолдау білдіріледі.

0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Аслан Қажиев
Фото: coachmag.co.uk
Қосылған күні: 20 мамыр, 10:00

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.