"Малефисента 2" фильмінің трейлері шықты

"Малефисента 2" фильмінің трейлері шықты
Фото: spletnik.ru

Желіде режиссер Хоакима Роннингтің "Малефисента: Зұлымдық әміршісі" фильмінің алғашқы тизер-трейлері пайда болды. Басты рөлдерді Анджелина Джоли, Мишель Пфайффер, Эль Фаннинг және Эд Скрейн ойнады.

Бұл фильм 2014 жылы шыққан "Малефисента" картинасының жалғасы болады. Сценарий бойынша, фильмнің екінші бөлімінде Малефисента (Анджелина Джоли) Аврора ханшайымды (Эль Фаннинг) сиқырлап алғаннан кейін бірнеше жыл өткендегі әрекеттер орын алады.

Трейлерге сүйенсек, жаңа фильмде Малефисента мен Ингрит патшайым (Мишель Пфайффер) арасындағы қарсылық көрсетіледі. Картинаның әлемдік тұсаукесері 17 қазанға жоспарланып отыр.

А. Жапатова