"Қанды құдық": Гоголь туралы сериалдың жаңа саундтрегі

"Қанды құдық": Гоголь туралы сериалдың жаңа саундтрегі
Фото: vk.com

Желіде режиссер Егор Барановтың "Гоголь. Вий" мистикалық сериалына арнап жазылған жаңа саундтрек жарияланды.

"Луна" лақап атымен танымал әнші "Қанды құдық" сингымен бөлісті. Трек пері, қан, пышақ сынды гогольдік мәнердегі образдармен ерекшеленеді.

Естеріңізге сала кетейік, сериалда басты рөлдерді Александр Петров, Олег Меньшиков, Таисия Вилкова, Артем Ткаченко, Евгений Стычкин мен Ян Цапник сомдайды.

"Гоголь" сериалының сюжеті мен стилистикалық безендірілуі 1999 жылы түсірілген Тим Бертоннің "Ұйқылы алқап" атты фильміне ұқсас. Оқиға жас Николай Васильевич Гоголь мен Яков Петрович Гуро есімді тергеушінің адамдар белгісіз жағдайда жоғалып кете беретін Диканька ауылына келуінен басталады. Сериал алдымен кинотеатрларда, кейін телеарналарда көрсетілді. Бірінші бөлімнің премьерасы 2017 жылдың тамыз айында өткен еді.

А. Оралқызы