Джармуштың жаңа картинасының трейлері шықты

Джармуштың жаңа картинасының трейлері шықты

Жаз айларында Канн марапатын бірнеше мәрте (1984, 1989, 1993, 2005) иеленген режиссердің жаңа картинасы түсіріле бастағаны белгілі болған еді. Енді әлеуметтік желілерге туындының трейлері жарияланды. Картинаны асыға күтуші өнер сүйер қауымның қуанышына орай, түсірілім алаңынан фотосуреттер де пайда болды.

Трейлер мен фотосуреттерден киноға Билл Мюррей, Адам Драйвер, Хлоя Севиньи, Остин Батлер сынды актерлер мен әнші Селена Гомес қатысқанын байқауға болады. Ең бастысы, джармуштық стильдегі фильмдерді ұнатушы көрермендердің сүйікті актрисасы Тильда Суинтон да бар.

Актер Билл Мюррей бұрын берген сұхбаттарының бірінде Джармуш картинасына түсетінін, картинаның атауы "Өлгендер қайта өлмейді" (The Dead Don't Die) болатынын айтқан еді. "Мен Джармуштың зомби-фильмінде ойнаймын. Ойлап көріңізші?! Бірақ, зомбиді сомдамаймын,– деді актер Philly басылыма. Түсірілім Нью-Йорк штатының солтүстігіндегі Флейшманнс қаласында өткен. 


ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Соңғы жаңалықтар