Бүгін – Сатыбалды Нарымбетовтің туған күні

Бүгін – Сатыбалды Нарымбетовтің туған күні

Бүгін – қазақ киносының мэтрі, танымал кинорежиссер, халықаралық кинофестивальдердің жүлдегері Сатыбалды Нарымбетовтың туған күні.

Сатыбалды Нарымбетов 1946 жылы 7 наурызда Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан ауданы, Ащысай ауылында туған. Кинорежиссер, жазушы. Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының иегері (1996). Жан Виго атындағы Халықаралық кпубтың және  (Париж қаласы) ҚР Жазушылар одағының мүшесі.

Өмірінен деректер

• 1969 жылы Мәскеу қаласындағы мемлекеттік кинематография институтын бітірген.
• 1984 жылы жоғары режиссерлік курсты (Г.Н. Данелияның шеберханасы бойынша) бітірген.
• 1969 жылдан “Қазақфильм” студиясында сценарийші әрі кинорежиссер ретінде қызмет етті.
• 1970 жылдан - «Қазақфильм» киностудиясының кинорежиссері.
• 2005 жылдан бері - Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ «Дебют» бірлестігінің жетекшісі.

Марапаттары
Анапа қаласында өткен 3ші Бүкілресейлік «Кино-Шок» кинофистивальінің жүлдегері;
1995 жылы Францияның Анже қаласында өткен Халықаралық кинофистивальінің қазылар алақасының құрметті грамотасының иегері;
Фрацуз кино өнері академиясының «Жорж Сэдуль» атындағы құрметті сыйлығының иегері;
1996 жылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты;
1996 жылы президент жарлығымен жоғарғы мемлекеттік марапат «Құрмет ордені» берілді.
2000 жылы Тәуелсіз «Платинды Тарлан» сыйлығының иегері.
2005 жылы президент жарлығымен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері құрметті атағымен марапатталды.
2011 жылы «Қазақстан тәуелсіздігіне 20 жыл» медалі;
2016 жылы «Қазақстан тәуелсіздігініе 25 жыл» медалі.





ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Соңғы жаңалықтар

RaiM – Baila