Шешенстан жазушысы "Аватар" фильмінің режиссерін сотқа берді

Шешенстан жазушысы "Аватар" фильмінің режиссерін сотқа берді

Шешенстан жазушысы Руслан Закриев "Аватар" фильмі бірлескен авторлығына қол жеткізу және моралдік шығын өндіру мақсатында америкалық кинорежиссер Джеймс Кэмеронды тағы да сотқа берді.

"Мен Грозныйдың Заводской Район сотына авторлық құқығым бұзылғаны және 2002 жылы интернетте жарияланған "Құпия қару" романымдағы идеядан ескертусіз пайдаланғаны үшін америкалық кинорежиссер Джеймс Кэмерон мен "20th Century Fox International" студиясын сотқа бердім", – дейді жазушы.

Руслан Закриев өзін "Аватар" фильмінің бірлескен авторы екенін мойындап, 10 миллион рубль көлеміндегі моралдік шығын өндіруді көздеп отыр.

Айта кетейік, жазушы 2015 жылы да дәл осындай мазмұндағы арызбен сотқа арызданған. Бірақ жауапкер АҚШ-та тұратындығы себепті арыз қайтарылған. Жазушының айтуынша, америкалық режиссер 2002 жылы Проза.ру сайтында жарияланған "Құпия қару" атты фантастикалық романының бір бөлімін "Аватар" фильмі үшін пайдаланған.


ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Соңғы жаңалықтар