Қазақ киносының алтын қорына енген 30 фильм

Қазақ киносының алтын қорына енген 30 фильм
Фото: vk.com

Өкінішке орай, кино саласы мамандарының тарапынан «Үздік қазақ фильмдерінің рейтингі жүргізілмеді. Сол себепті кино тілінің талаптарына сай, түсірілімі мен сценарийі дұрыс жасалған фильмдердің тізімін ұсынамыз.

Ол тізімге қазіргі таңда фильмдерге ерекше талдау жүргізіп жүрген Олег Борецкийдің ең үздік деп таныған қазақтың 30 фильмін енгізді.

Үздік 30 фильм комедия, психологиялық драма, мелодрама, роуд-муви, тарихи фильм, мистика («Адасқандар»), постмодерн («Ине»), истерн («Жабайы Шығыс») секілді жанрлардың барлығы дерлік қамтыған.

Қазақ киносы 1929 жылы түсірілген «Түрксіб» пен 1939 жылы түсірілген «Амангелді» фильмінен бастау алды. Алайда кейінірек түсірілген Шәкен Аймановтың «Махаббат туралы поэмасының» (1954) бір бөлек орны бар.

Қазақ киносының тағдырын анықтау үшін, жоқ дегенде түсірілген фильмдер жайында білуге тиіспіз. Оларды сынап, пікірталас жүргізу үшін, ең алдымен көру керек. Бұның барлығы да алға ұмтылып, өткен қателіктерді болдырмау үшін қажет.

Әрбір фильмнің қайталанбас ерекшелігі болғандықтан тізім хронологиялық ретте жасалды:

1. «Біздің сүйікті дәрігер», Ш.Айманов, 1957 2. «Алдар көсе», Ш.Айманов,1964

3. "Қараш-қараш оқиғасы" ("Выстрел на перевале Караш"), Б.Шамшиев, 1968

4. "Атаманның ақыры", Ш.Айманов, 1970

5. "Қыз-Жібек", С.Қожықов, 1971

6. "Көксерек", Т.Өкеев,1973

7. "Транссібір экспресі", Э.Оразбаев, 1977

8. "Сүйрік", А. Альпиев, 1984

9. "Өзгенікі, ақ пен шұбар", С.Соловьев, 1986 10. "Балкон", К.Салықов, 1988

11."Тікенек", Р.Нұғманов, 1988

12. "Кек", Е.Шынарбаев, 1989

13. "Соңғы аялдама", С.Апрымов, 1989

14. "Сұлтан Бейбарыс", Б.Мансұров, 1989

15. "Қайрат", Д. Өмірбаев, 1991

16. "Ажыратушы", А.Қарақұқлов, 1991

17. "Жабайы Шығыс", Р.Нұғманов, 1993

18. "Жас аккордеонисттің өмірі", С.Нарымбетов, 1994

19. "Заманай", Б.Шәріп, 1994

20. "Кардиограмма", Д.Өмірбаев, 1995

21. "Кім сүйкімдірек", А.Қарпықов, 1996

22. "Шанхай", А.Баранов, 1996

23. "ГАЗ: орыс көліктері", Б.Килибаев, Т.Бекмамбетов, 2002

24. "Самал жел", С. Өтепбергенов, 2004

25. "Сталинге сыйлық", Р.Абдрашов, 2008 26. "Қош бол, Гүлсары", А.Әмірқұлов, 2008

27. "Бақсы", Г.Омарова, 2008

28. "Бәйшешек", С.Дворцевой, 2008

29. "Келін", Е.Тұрсынов, 2009

30. "Адасқандар", А.Сатаев, 2009

Дайындаған Қарлыға Бүйенбай

Т. Раушанұлы