«Оскар-2019» жүлдесіне үміткер 8 аниме

«Оскар-2019» жүлдесіне үміткер 8 аниме
Фото: variety.com

Осы жылдың 25 ақпанында болатын «Оскар-2019» жүлдесіне үміткерлер саны аз емес. Соның ішінде «Үздік анимациялық фильм» бағыты бойынша 25 үміткер бақ сынауда. Олардың қатарында 8 аниме бар. Олар:

Болашақтан келген Мирай / Мирай из Будущего
Кун дауыс көтеріп, мазаны алудан шаршамайтын кішкентай сіңлісі Мирай пайда болғалы басы бір қиындықтан арылмады. Уақытының аздаған бөлігін болсын, тыныштықта өткізу үшін бақшаға жасырынуға бел буған Кунді әлі де қиындықтар күтіп тұр еді. Өйткені, бақша  – тек тыныштық елі ғана емес, уақыт кеңістігіне саяхат жасауға мүмкіндік беретін сиқырлы әлем. Куннің қайда саяхат жасайтынын әзірге құпия қалдырайық... 

Отшашуға қалай қарайсыз? / Как смотреть фейерверк?
Біз әлемдік мәселелердің шешімін таппай жатқанда, анименің кейіпкерлері де өздері үшін ең қиын сұраққа жауап іздейді: отшашу сәулелері тегіс пен әлде шеңбер ме? Сыныптағы ұлдар өзара дебат ұйымдастырып, сөзге келіп қалса, олардың сыныптасы Надзуна Оикава анасының тағы да тұрмысқа шыққанына төзе алмай, үйден қашпақ. Надзуна, олай болмайды, одан да отшашуға бірге барсақ қалай қарайсың?

Қоштасу таңын уәделер гүлімен көмкер / Укрась прощальное утро цветами обещания
Егер көз жасын өндіретін зауыт ашылса да, онда олардың қызметкерлері күні-түні осы анимені қарайтын еді. Ешқашан өлмейтін Макия мен қарапайым адам Эриалдың оқиғасы «жыламаймын» деген адамды еріксіз жылатады. 

Матафаказ
Лино есімді басты кейіпкердің өмірі көлік апатына ұшыраған сәттен кейін күрт өзгереді. Қарапайым пицца тасушы енді қарақшылардың біріне айналады. Түрлі-түсті өмірі шытырман оқиғаға тола түседі.  

Қабырға артындағы Лу / Лу за стеной
Аниме музыканың адамға ғана емес, әлемге қалай әсер ететінін сипаттайды. Жас музыкант Каи Лу есмді су перісін кездестіреді. Каидың әуенін тыңдаған бойда оның аяқтары пайда болып, судан құрғақ жер бетіне шығады. Осылайша, музыкаға жаны құмар жігіттің өмірінің тас талқанын шығарады...

Түн қысқа, серуенде ботам / Ночь коротка, гулй девчонка
«Қабырға артындағы Лу» авторы Масааки Юасаның тағы бір ерекше жұмысы. Анимеде Киото көшелерін, жәрмеңкелерді аралайтын қыздың адам айтса сенгісіз құмарлығы сипатталады. 

Кеңістік заңдары: 1-бөлім / Закаоны вселенной: часть 1
Бөгде ғаламшарлықты немесе ақылға сыйғысыз кейіпкерді анименің 4/3 бөлігінде кездестіруге болады. Сондықтан таңғалатын нәрсе емес. Аниме уақыт кеңістігі арқылы саяхаттап жүріп, жат ғаламшарлықтармен үздіксіз күрес жүргізетін 5 достың басынан кешкендерін баяндайды. 

Лиз және көгілдір құс / Лиз и голубая птица
Достықты бәріміз «мәңгілік» деп ерте бағалап қоямыз. Бұл анимеде Мизоре мен Нозоми өз достықтарының шынайы екендіктерін және «мәңгілік» ұғымына сай келетінін дәлелдеуілері тиіс.

Міне, тізім осындай. Қай анимені көрдіңіз және қай аниме жүлдеге ие болады деп болжайсыз, пікір қалдыруды ұмытпаңыз.

Т. Есқали