Аль Пачино Лир патшаны сомдайды

Аль Пачино Лир патшаны сомдайды

Шекспирдің қай-қай туындысының да басты рөлін сомдау өзін актер санайтын әр өнерпаздың асқақ арманы екені баршаға мәлім. Сондай бақыт атақты актер Аль Пачиноның еншісіне бұйырғалы отыр.

"Лир патша" туындысының экранизацияланатыны туралы әңгіменің жүргенінен 10 жылдың шамасы болды. Басты кейпікерді кім сомдайтынын болжаған түрлі ақпараттар легі де толастаған емес.

Жобаны жүзеге асыру  режиссер Майкл Рэдфордқа жүктелді. Ол қалың көрерменге “Пошташы” және “Венециялық саудагер” фильмдері арқылы таныс.

Аталған туындыда венециялық саудагер рөлін де осы Аль Пачино сомдаған еді. Картина продюсері Барри Навидидің айтуынша, режиссер де, актерлер де, түпнұсқа мәтіннен ауытқымауды көздеп отыр екен.

Фильм түсірілімі келесі жылдың күзінде басталады. 


ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Соңғы жаңалықтар