VII Bastau: Фестиваль аясында шығармашылық кездесулер өтті

VII Bastau: Фестиваль аясында шығармашылық кездесулер өтті
Фото: Қазақфильм

VII "Бастау" ХКФ шеңберінде ресейлік театр және кино актрисасы, режиссері әрі халықаралық қазылар алқасының мүшесі  Эльвира Болгова Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА студенттерімен шығармашылық кездесу өткізді.

Шығармашылық кездесу он минуттық, дыбыссыз "Сырттағы дауыстар" көркем фильмінің көрсетілімімен басталды. Көрсетілімнен кейін, актриса фильмнің түсірілу барысы, туындаған қиындықтар және кинодағы мансабын қалай бастағаны туралы айтып берді. Эльвира Болгова студенттердің сауалдарына жауап беріп, кездесуден кейін актриса автограф таратып, суретке түсті.

Сонымен қатар, Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА отандық NurTV онлайн-кинотеатрдың презентациясы өтті. Также в КазНАИ им. Таныстырылым кезінде студенттерге видео-порталдың мүмкіндіктері жайында мағлұмат берді. Жобаның контент-менеджері Абылайхан Керімханов nurtv.kz  – музыка, жаңалықтар және влогтарды біріктірген заңды сауықтық алаң деп айтты.

Айта кетелік, шығармашылық кездесулер қатар өтіп жатқан "Тұран" университетінде отандық танымал режиссер Әділхан Ержанов студенттермен кездесті. Ол өзінің соңғы фильмі "Әлемнің мейірімді немқұрайлығы" фильмі жайында әңгімелеп берді. Фильмнің әлемдік тұсаукесері 71-ші Канн кинофестивалінің "Ерекше көзқарас" бағдарламасында өткен болатын.     

Кездесу аяқталған соң студенттер, режиссерге өз сауалдарын қойып, пікірлесті. Студенттердің айтуынша, кездесу жеңіл әрі қызықты өткен.

А. Оралқызы