"Том мен Джерри" мультфильмінің киноадаптациясы шығады

"Том мен Джерри" мультфильмінің киноадаптациясы шығады
Фото: vk.com

Warner Brothers студиясы "Том мен Джерри" мультфильмінің киноадаптациясын жасауға ниетті екенін хабарлады.

Ол үшін "Фантастикалық төрттік" фильмі арқылы атағы шыққан Тим Стори есімді режиссермен келіссөздер жүргізіліп жатыр. Негізгі идея жобаның гибридті болуын көздейді.

Мультфильм кейіпкерлері, яғни, Том мен Джерри мультипликациялық нұсқасында қала береді де, олардың өмір сүретін ортасы кәдімді real life болады.

Келіссөздер оң нәтижесін берсе, жоба 2019 жылы жүзеге асырыла бастайды.

А. Оралқызы