"Эмми" — 2018: Жылдың үздік сериалдары

"Эмми" — 2018: Жылдың үздік сериалдары
Фото: vk.com

Кеше түнде Лос-Анджелес қаласында ТV саласындағы аса маңызды "Эмми" марапатының 70-ші рәсімі өтті.

Биыл Америкалық телевидение және өнер академиясы номинацияларының басым бөлігін "Тақтар ойыны", "Ғажайып миссис Мейзел", "Америкалық қылмыс оқиғасы: Джанни Версаче өлімі" атты сериалдар иеленді.

Миссис Мейзелді сомдаған Рэйчел Броснахан "Үздік комедия актрисасы" атанды. Драмалық сериалдағы үздік әйел рөлі "Тәж" картинасында Елизавета ІІ патшайымды сомдаған Клэр Фойға бұйырды. Үздік драма актері Мэттью Риз болса, екінші пландағы үздік ер адам рөлін Питер Динклейдж алып шыққан екен. Ал, Билл Хейдер комедия жанрының үздігі атанды. Негізгі номинациялар бойынша жеңімпаздар тізімі төменде берілді:

Үздік драмалық сериал
"Тақтар ойыны" (Game of Thrones)

Үздік комедиялық сериал
" Ғажайып миссис Мейзел " (The Marvelous Mrs. Maisel)

Үздік мини-сериал
" Америкалық қылмыс оқиғасы: Джанни Версаче өлімі " (The Assassination of Gianni Versace)

Үздік телефильм
"USS Каллистер", "Қара айна" (U.S.S. Callister," Black Mirror)

А. Оралқызы