Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Грант құтты болсын,
Грант құтты болсын, "балмұздақ"!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Мәдениет / Кино / Алматыда "Алаш туы астында" деректі фильмінің тұсаукесері өтті

Алматыда "Алаш туы астында" деректі фильмінің тұсаукесері өтті

Алматыда

Алматыда "Kinoplexx Sary Arka" кинотеатрында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ "Ел" продюсерлік орталығымен бірлесе отырып түсірген ұлт-азаттық Алаш қозғалысы туралы сыр шертетін "Алаш туы астында" атты деректі фильмінің тұсаукесері өтті. 

1918 жылдың 8-23 қыркүйегі аралығында Ресейдің Уфа қаласында Мемлекеттік мәжіліс өтті. Мәжіліске Ресейдің сол кездегі большевизмге қарсы барлық саяси күштері қатысты. Осы мәжілісте Алаш қайраткерлері ұлт-азаттық күрес мүддесін заңды түрде қорғаудың үлгісін көрсетті. 

"Алаш туы астында" атты деректі фильмнің алғашқы көрсетілімі 100 жыл бұрын өткен осы датаға үйлестіріліп отыр. Фильмді түсіру тобы Алаш қайраткерлерінің ізімен Семейдің Алаш қаласы аталған аумағында, Мәскеудегі Кремль, Санкт-Петербургтегі Дума отырыстары өткен Таврия сарайында, Смольныйда, Санкт-Петербург, Қазан университеттерінде, Уфадағы Мемлекеттік Мәжіліс өткен бұрынғы «Сібір» қонақүйінде түсіру жұмыстарын жүргізген. 

Фильм Ресейдің төрт қаласында түсірілді. Осындай ірі қалаларда түсірілім жұмыстарын жүргізу оңай емес екенін кино саласында жүрген азаматтар жақсы біледі. Кремльде, бұрыңғы Смольныйда, бұрыңғы Дума отырған Таврия сарайында түсірілім жүргізу үшін арнайы аккредитация алу керек. Тіпті рұқсат алу үшін кейде бір жылдай уақыт кетеді екен. Алайда, Қазақстанның Ресейдегі елшісі Иманғали Тасмағамбетов пен елшіліктің баспасөз хатшысы Жанар Колбачаева бізге үлкен қолдау көрсетті. Осы орайда фильмнің түсіру тобы Қазақстанның Ресейдегі елшілігіне алғыс білдіреді, - деді фильмнің сценарий авторы Болат Мүрсәлім. 

Бұл фильм Алаш қозғалысы тақырыбында сауатты түсірілген ең алғашқы концептуалды фильм деп айта аламын. Осындай идеямен қанаттанып, жігерлік көрсетіп, Алаш қозғалысына қатысты барлық қалаларда болып, ақпарат жинаған фильмнің түсіру тобына, сценарий авторы Болат бауырыма алғысымды білдіремін, - деді фильмнің Бас ғылыми кеңесшісі, белгілі тарихшы Мәмбет Қойгелді.   

Айта кетсек, "Алаш туы астында" фильмі үш бөлімнен тұрады. "Оян, қазақ!" атты алғашқы бөлімде Алаш қозғалысының қалыптасу кезеңі, жәдидтік ағым мен батыс мәдениетінің ықпалы, қазақ баспасөзінің бастаулары, Дума жұмысына араласу, 1916 жылғы көтеріліске көзқарас мәселелерінің түйткілді тұстары айтылады. 

Екінші бөлім "Жарияланбаған автономия" деп аталады. Бұл бөлімде 1917-1920 жылдардағы Алашорда үкіметінің қызметі тереңінен қамтылған. Алаш қайраткерлері неге тәуелсіздікті емес, неге автономияны таңдады? Алаш әскері қалай жасақталды? Алаш автономиясы жарияланды ма, жоқ па? Ә.Бөкейхан мен М.Шоқай Уфадағы Мемлекеттік мәжілісте ұлт-азаттық күрес мүддесін қалай қорғады? Екінші бөлім осы сипаттағы сауалдарға жауап іздейді. 

"Қатерлі өткел" деп аталатын үшінші бөлім – 1920 жылғы қазақ шекарасын анықтаумен басталатын Алаш қайраткерлерінің Кеңестік дәуірдегі күресіне арналған. Бұл бөлімде Голощекиннің қырғыны, Сталиндік репрессия жылдарындағы Алаш тағдыры нақты деректермен көрсетіледі.

0
Рейтинг: +1

Дайындаған: Айымгүл Оралқызы
Фото: vk.com
Қосылған күні: 10 қыркүйек, 18:43
Пікірлер

Бұл жазбаға әлі пікір жазылған жоқ. Бірінші болып пікір білдіріңіз.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.