Baikonyr Short Film Festival - 2018: өзбек киносының бағдарламасы

Baikonyr Short Film Festival - 2018: өзбек киносының бағдарламасы
Фото: vk.com

Baikonyr Short Film Festival байқаудан тыс бағдарламасында қысқаметражды өзбек киносының бөлімі ашылды. Көрсетілім қатысушылары мен қонақтарына Өзбекстан режиссерлерінің 5 картинасы ұсынылады.  

Қысқаметражды өзбек кинобағдарламасы отандастарымызды көрші мемлекеттің үздік фильмдерімен таныстыру мақсатында ашылған. Baikonyr Short Film Festival-де халықаралық кинофестивальдердің қатысушылары мен жеңімпаздарының келесі картиналары көрсетіледі:  Мухлиса Азизованың (ХIII "Еуразия" ХКФ және Канндағы Short Film Corner қатысушысы, PROlogue фестивалінде "Үздік қысқаметражды фильм" жүлдесі) "Бойжеткен" картинасы, Мафтуна Аллокулованың (PROlogue фестивалінде "Үздік сценарий" жүлдесі) "Хорезм – менің махаббатым" фильмі, Ильхамджанов Абдуазиммен Абдурахманов Ботирдың ("Ертіс Cinema" ХКФ III дәрежелі дипломы, "Қырғызстан – қысқаметражды фильмдер елі" фестивалінің қатысушысы) "Ана" картинасы, Шокир Халиковтың "Шәй" және Дилшода Абдурахимованың "Qulun" таспасы.

Байқаудан тыс бағдарлама аясында Қырғызстанның жас режиссерларының да жұмыстары көрсетіледі. Қатысушылар жайлы жақын арада белгілі болады.

III Baikonyr Short Film Festival 20қыркүйек күні басталады. Кинокөрсетілім бір уақытта екі қалада – Алматы мен Астанада өтеді.

Еске сала кетсек, фестивальге қатысу өтініші 31 тамызға дейін қабылданады. Өтінішті байқаудың Baikonyr.brod.kz ресми сайты арқылы толтыруға болады.

www.brod.kz

А. Оралқызы