Моника Беллуччи жаңа картинада Фрида Калоның құрбысын ойнайды

Моника Беллуччи жаңа картинада Фрида Калоның құрбысын ойнайды
Фото: vk.com

Актриса Моника Беллуччи "Радикалды көзқарас: Тина Модоттидің өмірі мен ғасыры" (Radical Eye: The Life and Times of Tina Modotti) аталатын мини-сериалда революционер қыздың рөлін сомдайды. Басты кейіпкер атақты қылқалам шебері Фрида Калоның жақын құрбысы болған екен.

Жоба режиссері Эдоардо де Анджелис түсірілімді Мексика, Лос-Анджелес пен Италияда жүргізеді. Шамамен 6 эпизод болады деп жоспарланып отыр. 

Кинематография саласында өзіндік орны бар Беллуччи бұл рөл туралы жылдар бойы армандап келген екен. Ол ойнайтын кейіпкер прототипі, яғни Тина Модотти италиялық фотограф әрі актриса болған. Тина 1913 жылы отбасымен бірге АҚШ-қа көшіп кетеді. Сол сәттен оның Голливудтағы өмірі басталды.

Бірнеше жыл өткен соң ол Мексикаға сапар шегеді, сол саяхаты кезінде ол өмір сүрген заманның аса талантты суретшілері Диего Ривера, оның жұбайы Фрида Каломен танысады. Модотти есімі тарихта тек шебер фотограф ретінде ғана емес, XX ғасырдың революционері ретінде де қалды. 

А. Оралқызы