"Оскар" сыйлығына жаңа номинация енгізілді

"Оскар" сыйлығына жаңа номинация енгізілді
Фото: vk.com

Америка киноакадемиясының басшылар кеңесі "Оскар" сыйлығына "Үздік танымал фильм" номинациясын қосуды қолдап дауыс берді.

"Көпшілікке бағытталған кино ішіндегі ең үздігіне арнайы жаңа номинация қосып отырмыз. Оларды іріктеу мен басқа да талаптар бойынша кейінірек толық хабарлаймыз", - делінген Академия басшыларының хаттамасында. 

Жаңа категориядан бөлек, киноакадемия марапаттау рәсіміне де бірқатар өзгерістен енгізеді деп хабарланды. Ендігіде танымалдығы аз категориялар телеарнада тікелей эфирде көрсетілмейтін болады. Бұл эфирдегі салтанатты рәсім уақытын азайтады. 

Сонымен қатар, 92-ші марапаттау рәсімі өзге кинопремиялардан алға шығу үшін, хабарланғандай 2020 жылы 23 ақпанда емес, 9 ақпанда өтеді. Ал 91-ші марапаттау рәсімінің уақыты сол қалпында қалады. Ол 2019 жылы 23 ақпанда Лос-Анджелестегі  Dolby театрында болады.

А. Оралқызы