Атақты режиссер Стэнли Кубриктің жоғалған сценарийі табылды

Атақты режиссер Стэнли Кубриктің жоғалған сценарийі табылды
Фото: vk.com

Ұлыбританиялық кинотанушы профессор  Натан Абрамс атақты режиссер Стэнли Кубриктің жоғалған сценарийін тапты.  

"Өртенген құпия" аталатын фильм сценарийі 1956 жылы жазылған екен. Кинематография өнерінің жақұты 60 жылдан кейін табылғанына қатысты: "Мен бұған сене алар емеспін. Ол жоғалған, енді табылмайтынына сенімді болғанбыз", - деді профессор қуанышын жасыра алмай.

100 парақтан тұратын жұмысты жүзеге асырып, үлкен экранға шығаруға әбден болады. Естеріңізге сала кетейік, 2001 жылы режиссер Стивен Спилберг Кубрик осындай сценарий күйінде қалған жобасына фильм түсірген болатын. Ол картина "Жасанды сана" деп аталған.

А. Оралқызы