Джонни Депп түскен жаңа фильмнің трейлері шықты

Джонни Депп түскен жаңа фильмнің трейлері шықты
Фото: vk.com

Әлеуметтік желілерде “Өтіріктің қаласы” аталатын жаңа картинаның трейлері жарияланды. Фильмде нағыз актерлік харизмасымен барша әлемді тамсантқан Джонни Депп ойнайды. Оның кейіпкері 20 жыл бойы атақты қылмыстық оқиғаның ашылуы жолында еңбектеніп келген. Ол Джек Джексон (Форест Уитакер) есімді журналиспен бірге 1990-шы жылдардың ең даңқты рэперлерін өлтірген адамды іздейді.

Сюжет негізіне Тупак Шакур мен Ноториус Бигтің өлімі туралы жазылған “Лабиринт” кітабы алынған. Авторы – Рамита Наваи. Картина режиссері – Брэд Фурман. Фильм премьерасы 2018 жылдың 7 қыркүйегі күні өтеді.

А. Оралқызы