Қыз балаларды ғылымға шақырған фильм кейіпкері

Қыз балаларды ғылымға шақырған фильм кейіпкері
Фото: vk.com

"Құпия материалдар" сериалындағы Агент Скалли әйел адамдардың ғылымға деген қызығушылығын арттырады. Джина Дэвистің бұқаралық ақпарат құралдарындағы гендерлік мәселелермен айналысатын Институтытың ғалымдары осындай шешімге келді.

Жүргізілген зерттеу жұмыстарының нәтижесі бойынша, "Құпия материалдар" сериалын тұрақты қарайтын әйелдердің 50%-ы ғылым, техника және математика бағыты бойынша жұмыс істейді екен.

Жоба бойынша жұмыс жасаған ғалымдар зерттеуге қатысушылардан  Скаллидің олардың шешіміне қаншалықты әсер еткенін сұрады. Кейіпкер оларға үлгі бола алды ма? Ғылыми бағыттарды анығырақ түсінуге септігін тигізді ме? Инженер немесе математик болуға итермеледі ме? Міне, осы бағыттағы сауалнамалар жүргізілген.  

"Дэйна Скалли есімді кейіпкердің бар екенінен хабардар әйелдердің 63%-ы ғылымның бұл өмірдегі маңыздылығын сол сериалдан ұққандығын айтты. Бұл әлеуметтік нормаларда өзгерістер болғандығыны белгісі ", - дейді Джина Дэвис Институтының директоры Мэдлин Ди Нонно.

А. Оралқызы