Оқи отырыңыз

Ісіңізге, еңбегіңізге, оқуыңызға нағыз адамгершілікпен қарасаңыз, сөз жоқ, жеңіске жетесіз.

Автор: Қаныш Сәтбаев

— Редактор бағаны —

Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді
Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Мәдениет / Кино / Қайталап көре бергің келетін 5 фильм

Қайталап көре бергің келетін 5 фильм

Қайталап көре бергің келетін 5 фильм

Кейбір кино туындылары уақытқа тәуелді емес. Сол себепті, шыққанына ұзақ уақыт болса да қайталап көруге тұрарлық. Біз бүгін сіздерге сондай фильмдер тізімін ұсынбақпыз. Бұл туындыларды осыған дейін көрмеген болсаңыз, міндетті түрде уақыт бөліп қараңыз. 

"Күтушілер" ("Twin Sitters", 1994 жыл)

Бизнесмен Фрэнк Хиллхерст өз байлығына қол жеткізу үшін біршама уақыт серіктесі Лиланд Строммның қитұрқы істеріне көз жұмып келген. Алайда, Стромм шектен шығып, заңсыз әрекеттерін көбейте түседі. Хиллхерст онымен серіктестікті бұзбақ болады. Бірақ, Стромм бизнесменді өліммен қорқытады. Хиллхерсттің ата-анасыз қалған егіз жиендері бар еді. Ол өз өмірі үшін емес, сол екі баланың өмірі үшін қаттырақ қорқады. Оларға қауіп төнбесін деген оймен бизнесмен Питер мен Дэвид есімді егіз оққағарды жалдайды. Балалар алғашында оққағарларға үйренісе алмай, әбден олардың мазасын алады. Қызық пен шыжыққа толы бұл туынды комедия жанрында түсірілген.

"Батыл жүрек" ("Braveheart", 1995 жыл)

10 "Оскар" сыйлығына үміткер болып, оның бесеуін жеңіп алған бұл туынды шотландықтардың тәуелсіздік жолындағы күресін көрсетеді. Фильмнің бас кейіпкері – Уильям Уоллес. Ол әкесінен ерте айырылып, ағасының қолында тәрбиеленген. Әкесі ағылшындарға қарсы күрес кезінде қаза тапса да, Уильямның бар арманы – отбасын құрып, қарапайым шаруа ретінде тыныш өмір сүру болатын. Алайда, тағдырдың оған дайындап қойған мүлде басқа жолы бар еді. Үйленгеннен кейін Уильямның әйелі де ағылшындардың қолынан қаза табады. Осы кезде ол еркіндік жолындағы өз күресін бастауға бел буады.

"Ягуар" ("Le Jaguar", 1996 жыл)

Франсуа Перрен – сандалбай жүрісті адам. Өзінің алаяқтығы да бар. Қашан көрсең қарақшылардан қашып жүргені. Бір күні Париж қонақ үйлерінің бірінде ол Амазониядан келген үндіс бақсысы Вануды кездестіріп қалады. Вану Франсуаның көзіне тесіле қарап, оған өз тайпасының дәстүрі бойынша достық ниет танытып, мұрнынан қысады. Олардың жанында тұрған Жан Кампана есімді тілмаш Франсуаға үндістің ниеті түзу екенін түсіндіреді. Осы оқиғадан кейін бақсы жаман түстер көріп, өзін жайсыз сезіне бастайды. Ол Кампанаға "жанын біреу ұрлап алғанын" айтып және оны тек "таңдаулы адам" ғана құтқара алатынын жеткізіп, комаға түседі. Тағдырдың тәлкегімен "таңдаулы адам" Франсуа Перрен болып шығады. Сөйтіп, қарт Ванудың өмірін құтқару үшін Перрен мен Кампана Амазонияға аттанады. Ол жақта екі жігіт шытырман оқиғаға тап болады.

"Бесінші элемент" ("The Fifth Element", 1997 жыл)

1914 жыл, Мысыр. Еуропалық ғалым мен оның шәкірті айдалада тұрған ғибадатхананы зерттеп жүр. Бұл ғибадатхананы жатпланеталықтар ойлап тапқан көне діннің абызы күзетеді. Ғалым абыз жасырған құпияны зерттеп әлек, ал абыз өз кезегінде оны улап өлтіруді ойлайды. Осы кезде Жерге әлгі жатпланеталықтар келеді. Олар осы ғибадатханада сақталған, төрт тас пен табытты алып кетуге келген екен. Бұл тастар әр бес мың жылда пайда болатын зұлымдыққа қарсы қолданылатын қару болып шығады. Абыз жатпланеталықтармен сөйлесіп тұрғанда ғалым олардың әңгімелеріне араласқысы келеді. Бірақ жатпланеталықтар оны талдырып тастайды. Бұл жайттан қатты қорыққан ғалымның шәкірті қолына қару алып, жанжал басталып кетеді. Нәтижесінде жатпланеталықтардың басшысы ғибадатханаға қамалып қалады. Алайда, ол абызға қолындағы кілтті ұстатып үлгереді. Жатпланеталықтар 300 жылдан кейін қайта келетіндерін айтып, ұшып кетеді.

2263 жыл. Жер планетасының маңында үлкен отты шар пайда болады. Адамзат оған қарсы қару қолданған сайын ол үлкейе түседі. Абыз Вито Корнелиус Жер Бірлестігінің президентіне бұл мәселеден шығудың жалғыз жолы барын айтады. Қызықтың бәрі осы кезде басталады.

"Труманның шоуы" ("The Truman Show", 1998 жыл)

Режиссер Питер Уирдің бұл фильмі 1998 жылы жарыққа шыққан. Туындының бас кейіпкері – Сихэвэн қаласының тұрғыны Труман Бёрбанк. Өмірі бірқалыпты өтіп жатқан ол шын мәнінде рейтингі жоғары телевизиялық шоудың кейіпкері ғана. Бірақ, өзі бұл жайтты білмейді. Труманның туған қаласы – қолдан салынған декорация, ата-анасы, әйелі, туыстары мен әріптестері – жалданған актерлар. Өмірге келген күнінен бастап оның әр қадамы жасырын камераларға түсіріліп, отыз жылдан бері телевизия арқылы бүкіл әлемге тартылуда. Бұл шоудың бәрін ұйымдастырған Кристоф есімді продюсер. Ол кейіпкерінің өмір жолын өзінің қалауынша өзгерте алады. Тіпті, шектен асып кеткен кездері де баршылық. Жасы отызға келгенде Труман өз өмірі туралы толғана бастайды. Оған айналасындағының бәрі жасанды секілді көрінеді. Ұзақ ойланғаннан кейін ол басқа қалаға демалып қайтуды ойлайды. Осы кезде оның өмірінде түсініксіз жайттар орын алады. Труман ақиқат пен аңыздың арасын ажырата алмай дал болады.

Рейтинг: +0

Дайындаған: Yernar Almabek
Қосылған күні: 11 наурыз, 14:46
Пікірлер

Бұл жазбаға әлі пікір жазылған жоқ. Бірінші болып пікір білдіріңіз.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.