Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Мәдениет / Кино / Демалыста көруге болатын фильмдер

Демалыста көруге болатын фильмдер

Демалыста көруге болатын фильмдер

"Сенбі, жексенбі... Үйде отырып-ақ қандай фильм көрсек болады?" деп онлайн кинозалдарын шарлауға дайын тұрған оқырмандарымызға мынадай қызықты топтама ұсынып отырмыз. Түрлі жанрдағы қызықты фильмді өз талғамыңызға қарап, таңдасаңыз болады. Олай болса, кеттік...

ОТБАСЫЛЫҚ ФИЛЬМ

"Ғажайып бала" ("Wonder", "Чудо")

Ел: АҚШ
Жанр:
драма
Жылы: 2017
Режиссері: Стивен Чбоски
Актерлер: Джулия Робертс, Джейкоб Тремблэ, Кристал Лоу, Мэнди Пэтинкин, Оуэн Уилсон

Огги Пулман бесінші сыныпқа қадам басты. Огги мен ата-анасы, әпкесі бұл сәтті асыға күткен. Бірақ баланың өзі үшін үлкен қорқыныш болатын. Себебі, ол өзінің келбетімен айналадағыны қорқытып алудан қорқады. Бетіне 27 түрлі ота жасатқалы беті бері қараған еді. Ал атa-анасы қатарластарының оған қадала қараған жанарларынан қорқатын. 

ФАНТАСТИКАЛЫҚ ФИЛЬМ

"Әділдік лигасы" ("Justice League", "Лига справедливости")

Ел: АҚШ
Жанр:
фантастика
Жылы:
2017
Режиссері:
Зак Снайдер
Актерлер: 
Галь Гадот, Джейсон Момоа, Робин Райт, Конни Нильсен, Эми Адамс

Қай қаһарманның болмасын, басты міндеті әлемді құтқару және қорғау. Бэтмен кезекті қауіпті өзі жоя алмайтынын біліп, жанына өзі секілді серіктер іздейді. Әлемнің түкпірінен жиналған топтың өзіне де қосымша күш керек еді, олар бұл алыпты да жер астынан шығарып алады. Бұл кім болуы мүмкін? 

ДЕТЕКТИВ

"Шығыс Экспрестегі өлім" ("Murder on the Orient Express", "Убийство в Восточном экспрессе")

Ел: АҚШ, Ұлыбритания, Мальта, Франция, Канада, Жаңа Зеландия
Жанр:
детектив, криминал
Жылы:
2017
Режиссері:
Кеннет Брана
Актерлер: 
Джонни Депп, Мишель Пфайффер, Дэйзи Ридли, Пенелопа Крус, Уиллем Дефо

"Кемедегінің жаны бір". Бір бағытқа бет алған жолаушылардың тыныштығын елге белгілі тұлғаның өлімі бұзады. Осы пойызда келе жатқан детектив Пуаро бұл іске бас қатырғысы келмеп еді, бірақ амал жоқтықтан қайғылы оқиғаның себебін анықтауға бел буады. Сонымен, қалталы азаматты кім өлтірді?

ТАРИХИ ФИЛЬМ

"Виктория мен Абдул" ("Victoria and Abdul", "Виктория и Абдул")

Ел: Ұлыбритания, АҚШ
Жанр:
тарихи
Жылы:
2017
Режиссері: 
Стивен Фрирз
Актерлер: 
Джуди Денч, Али Фазал, Тим Пиготт-Смит, Эдди Иззард, Адиль Ахтар, Майкл Гэмбон, Пол Хиггинс

Атыс-шабысты, қан төгісті, сұрқай түсті ұнатпайтын, бірақ тарихи фильмді жақсы көретін болсаңыз, сізге арналып жаңа фильм түсірілді. Оның тағы бір ерекшелігі – Абдул Каримнің 2010 жылы табылған жеке күнделігі бойынша, шынайы оқиғаға негізделіп түсірілуі.

БИОГРАФИЯЛЫҚ ФИЛЬМ

"Тыныста" ("Breathe", "Дыши ради нас")

Ел: Ұлыбритания
Жанр:
мелодрама, биография
Жылы: 
2017
Режиссері: Эндри Серкис
Актерлер: 
Дайана Ригг, Клер Фой, Эндрю Гарфилд, Дин-Чарльз Чепмен, Эдвард Спелирс

Өмір сүруге деген құлшынысыңды арттыратын, өмірлік махаббатыңа деген адалдығыңа күш беретін, мотивацияға толы, өмірде болған оқиға ізімен түсірілген фильм. Диана мен Робиннің бастан кешкен оқиғаларын көріп, басыңызға сондай қиындық түссе, не істейтініңізді көз алдыңызға елестетіп көріңіз.

КОМЕДИЯ

"Қысқа" ("Downsizing", "Короче")

Ел: АҚШ
Жанр:
комедия
Жылы:
2018
Режиссері:
Александр Пейн
Актерлер: 
Мэтт Дэймон, Кристоф Вальц, Хонг Чау, Кристен Уиг, т.б.

Одри мен Пол – қарапайым шағын отбасы. Бір кеште өздерін физикалық тұрғыда кішірейтіп жіберген таныс жолдастарымен кездесіп қалады. Олар бұл жүйенің үнемділікке шақыратынын айтып, бұларды да үгіттейді. Екеуі де қызығып, кішірейту процедурасына келісім береді. Бұл әрекеттері дұрыс па?

0
Рейтинг: +2

Фото: diariodegastronomia.com
Қосылған күні: 17 ақпан 2018, 15:00

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.