Жан Рено соңғы фильміне түсіп жатыр

Жан Рено соңғы фильміне түсіп жатыр
Фото: vk.com

Француз режиссері Фридерик Петижан "Соңғы қадам" аталатын фильмінің түсіріліміне атақты Жан Реноны шақырған. Кей ақпарат көздері бұл актердің соңғы рөлі болатынын хабарлады.

""Соңғы қадам" – "кеше" мен "бүгіннің" арпалысын ретроспектива арқылы күшейте суреттейтін психологиялық триллер. Негізгі кейіпкер  Генри",  дейді Петижан.

Сюжет бойынша, Генри  іздеу салынған жалдамалы кісі өлтіруші. Ол Канададағы шағын қалашықта уақытша тығылуға мәжбүр болады. Бір күні ол тұрақ еткен көл жағасындағы үйге жол апатынан аман қалып, әбден әлсіреген қыз есік қағады. Осылайша өмір бойы кісі өлтіріп келген адам алғаш рет біреуді құтқарып қалады.

Иа, бұл Люк Бессонның атақты "Леон" (1994) фильмін еске салады. Онда да Рено киллердің рөлін сомдады. Сюжет желісі бойынша, кішкентай қызды құтқарады. Осы рөлі үшін актер "Сезар" премиясын алды.

"Соңғы қадам" картинасында Ренодан өзге канадалық Сара Линд, ұлыбританиялық актер Том Хоппер, америкалық Гари Дурдан мен украиналық Игорь Цишкевич, Маргарита Бурковская, Олег Карпенко және басқалар ойнайды.

Фильм 2019 жылы жарыққа шығады.

А. Оралқызы