Балерина да шпион бола алады

Балерина да шпион бола алады
Фото: vk.com

Әлеуметтік желілерде "Қызыл торғай" фильмінің трейлері жарық көрді. Картина – режиссер Френсис Лоуренстің туындысы.

Ресей барлаушысы, офицер Доминика Егорова есімді сұлу шпион – балерина тағдырынан сыр шертетін фильмді көпшілік асыға күткен болатын. Киноның сюжеті бойынша, Егорова мен америкалық орталық барлау басқармасының агенті Натаниэл Нэш мемлекет тапсырмасын орындап жүріп, бірі-біріне ғашық болып қалады. Өз сұлулығын ел мүддесіне пайдаланып, тыңшылық қызмет атқаратын агент әйелдер дайындаушы «торғайлар» мектебінен өткен Доминика енді қалай әрекет етерін білмейді. Өйткені, өзі сүйген адам өзге елдің тыңшысы болуымен қоса, оған сеніп, оның дегеніне көнуді талап етеді.

Картинада басты рөлді Оскар марапатын иеленген Дженнифер Лоуренс сомдайды. Түсірілімге Джоэл Эдгертон, Маттиас Шонартс, Джереми Айронс, Сергей Полунин сынды актерлер де жұмылдырылған. "Қызыл торғай" алдағы көктемде сатылымға шығады.

А. Оралқызы