3 жыл бұрынғы оқиға негізіндегі фильм трейлері шықты

3 жыл бұрынғы оқиға негізіндегі фильм трейлері шықты
Фото: vk.com

Әлеуметтік желілерде атақты кинорежиссер, актер Клинт Иствудтың "15:17 Парижге" (The 15:17 to Paris) аталатын фильмінің трейлері пайда болды. Фильм сюжеті осыдан үш жыл бұрын орын алған оқиға негізінде жазылған.

Картина Алек Скарлатос, Спенсер Стоун есімді екі жауынгер туралы, сондай-ақ, Энтони Сэдлер, Крис Норман деген азаматтар өмірінде орын алған ерекше оқиғадан сыр шертеді. 2015 жылы осы кейіпкерлердің жолы Амстердамнан Парижге баратын пойызда тоғысады. Жолда вагондардың біріндегі 26 жасар Марокко азаматы лаңкестік әрекет жасамақ болады. Жоғарыда атап өткен 4 жігіт қарапайым адамдарға жасалмақ болған қиянаттың алдын алады.

Бір қызығы, өз заманының батырлары туралы фильмде басты рөлдерді сол оқиғаны басынан өткерген шынайы кейіпкерлердің өздері сомдайды екен.

А. Оралқызы