Ең "іш пыстыратын" фильмдер тізімі жасалды

Ең "іш пыстыратын" фильмдер тізімі жасалды
Фото: vk.com

Британиялық NME басылымы кинематография тарихындағы ең нашар фильмдер тізімін жасады. Шорт-листті алдыңғы қатарлы кино сыншылар жасаған. Ал, ретін анықтау үшін респонденттер арасында дауыс беру жүргізілген.

Сонымен, бірінші орында 34 % дауыспен "Сұрдың елу реңі" (2015) фильмі тұр.

Екінші сатыда 29 % пайыз респондент қарсы дауыс берген "Блэрдан келген мыстан: о дүниедегі курстық жұмыс" картинасы болса, үшінші болып "Жұлдызды соғыстар: Эпизод 1 — Жасырын қатер" (1999) киножелісі бекітілді. Оған дауыс бергендер саны 26 % пайызды құрады.

Алғашқы үштіктен кейінгі орындар "Бүкір тау", "Трансформерлер", "Пошташы", "Артист", "Аустралия", "Ванильді аспан" және "Тибеттегі жеті жыл" фильмдеріне бұйырды.

А. Оралқызы