"Кек алушылар" фильмінің трейлері рекорд орнатты

"Кек алушылар" фильмінің трейлері рекорд орнатты
Фото: wx2.sinaimg.cn

"Кек алушылар: Мәңгілік майдан" фильмінің бірінші трейлері көрілім саны бойынша рекордтық көрсеткішке жетті. Бұл жайында Entertainment Weekly хабарлады. 

Трейлер бірнеше сағат ішінде 470 мың көрілім жинаса, бір тәуліктің ішінде көрілім саны 250 миллионға жетті. Видео Marvel Entertainment каналында жарияланды. 

Сонымен бірге фильмнің орыс тіліндегі трейлерін де көрсеңіз болады. 

Фильмде басты рөлдерде Скарлетт Йоханссон, Роберт Дауни-кішісі, Том Хиддлстон, Крис Эванс, Бенедикт Камбербэтч, Джош Бролин және Марк Руффало ойнайды. Фильм 2018 жылдың мамырында жарыққа шығады деп күтілуде. 

Айта кетейік, алдыңғы рекорд Стивен Кингтің кітабы бойынша түсірілген «Оно» фильміне тиесілі. Ол тәулік ішінде 197 миллион көрілім жинаған. 

Ж. Жұмағұлов