Жаралы жүрек туралы қысқаметражды фильм

Жаралы жүрек туралы қысқаметражды фильм
Фото: vk.com

Әлеуметтік желілерде бізге вампирлер туралы фильм желісі арқылы танымал актриса Кристен Стюарттің алғашқы режиссерлік жұмысы пайда болды. "Жүр, жүзейік" қысқаметражды картинасындағы басты рөлді бұрынсоңды фильмге түсіп көрмеген Джош Кайе сомдайды. Оның негізгі мамандығы – дизайнер. Картина саундтрегін әнші-орындаушы St. Vincent жазған. Оператор қызметін Джон Галесериан атқарды.

"Жүр, жүзейік" картинасы — жүрегі жараланған адам ойлары мен өміріне жасалған 17 минуттық саяхат. Бұл фильмде реалистік кадларды сюрреалистік бейнелер алмастырып отырады. Сонысымен де қызық.

Фильм премьерасы 19 қаңтар күні "Сандэнс" кинофестивалінде болып өткен. Кейін картина 70-ші Канн кинофестивалінде де көрсетілді.

А. Оралқызы