АҚШ тарихында болған құпия құжаттардың жария болуы туралы фильм шықты

АҚШ тарихында болған құпия құжаттардың жария болуы туралы фильм шықты
Фото: vk.com

Әлеуметтік желілерде даңқты кинематограф Стивен Спилбергтің "Құпия құжаттама" атты жаңа картинасының трейлері пайда болды. Картина "Пентагон құжаттары" деген атпен танылған тарихи оқиғаға негізделген. Фильмдегі басты рөлдерді аса танымал Мэрил Стрип пен Том Хэнкс сомдайды.

Картина сюжеті Америка қорғаныс мекемесінің Вьетнам соғысындағы АҚШ рөлін зерттеген бірнеше жылдық  жұмыстарының журналистер қолына түсуін баяндайды. 1971 жылы  The New York Times пен The Washington Post басылымдары құжат үзінділерін барша жұртқа жария еткен еді. Мақала "Америка-Вьетнам қатынастары, 1945-1967: Зерттеу" деген атаумен жарық көрген. Нәтижесінде билік пен журналистер арасында үлкен текетірес басталды.

Аталған картинада Том Хэнкс The Washington Post басылымының редакторы Бен Брэдлиді, ал Мэрил Стрип болса, ірі бұқаралық ақпарат құралын басқарған алғашқы әйел – Кей Грэм есімді шығарушы редактор рөлін сомдайды. Картина түсіріліміне Элисон Бри, Дэвид Кросс, Боб Оденкёрк, Сара Полсон, Джесси Племонс, Майкл Стулбарг және Брэдли Уитфорд сынды актерлер жұмылдырылды.

Фильм сатылымға 22 желтоқсанда шығады.

А. Оралқызы