Кинематограф Роман Полански балалық шағы туралы фильм түсіріліміне кірісті

Кинематограф Роман Полански балалық шағы туралы фильм түсіріліміне кірісті
Фото: vk.com

Режиссер Роман Полански Польшаға қайта оралып, Краков қаласында өткен балалық шағы туралы фильм түсіріліміне кірісті.

Полански картинасы "Polansk, Horowitz" аталды. Бірақ, бұл атау әлі нақты бекітілмеген, фильм шығар кезде басқа атаумен жарық көруі әбден мүмкін. Картина сюжеті режиссердің балалық және жас шағы өткен Польшаның оңтүстігіндегі қалада орын алады. Сондай-ақ, онда фотограф Рышард Горовиц екеуінің достығы да сөз болады.

Еврей геттосынан 3 жасар Горовицті жолықтырған кезде Полански 9 жаста еді. Ал, қазір Горовиц 78 жастағы қарт, және холокосттан аман қалғандардың ішіндегі ең жасы. Оның ерекше биографиясын осыған дейін режиссер Стивен Спилберг "Шиндлер тізімі" фильмінде көрсеткен болатын. Фильм "Оскар" марапатын иеленген.

Қазіргі уақытта Полански мен Горовиц Польшаға қайта оралып, соғыстан бері көрмеген мекендерді аралап жүр. Олардың қатарында Полански геттодан шыққаннан кейін жасырынған Краков жанындағы шағын елді-мекен мен Горовиц өзінің алғашқы жұмыстарын (фотосуреттер) басып шығарған пәтер де бар. 

А. Оралқызы