"Форсаж 9" фильмі қашан шығатыны белгілі болды

"Форсаж 9" фильмі қашан шығатыны белгілі болды
Фото: cafeycabaret.com

"Форсаж" фильмінің командасы тоғызыншы бөлімі қашан шығатынын хабарлады. Алдын ала айтылған мәлімет бойынша "Форсаж 9" 2019 жылдың сәуір айында шығады деген болатын. 

Universal Pictures корпорациясының өкілдері фильмнің премьерасы 2020 жылдың 10 сәуірінде көрсетіледі деп мәлімдеді. Америкалық кинокомпания фильмнің неліктен кейінге қалдырылғанын айтқан жоқ.

Барлығы білетіндей, "Форсаж 8" фильмінің премьерасы осы жылдың сәуірінде болған еді. Фильм прокаты $1,2 миллиардқа жуық қаржы түсірді.

Айта кетейік, алғашқы "Форсаж" 2001 жылы шықты. Кино түсіруші өкілдер алғашында фильмнің жалғасын түсіруді жоспарламаған. Фильм премьерасы рекордтық көрсеткішке жеткеннен кейін 2003 жылы келесі бөлімі түсірілді. 

Ж. Жұмағұлов