Ең танымал кино рекордтары

Ең танымал кино рекордтары

Экранға алғаш рет шыққаннан бері кино үлкен сұранысқа ие. Кино әр түрлі бағытта болады. Кей киноларды зеріккен кезде көрсек, кей киноларды көңілді уақыт өткізу үшін көреміз. Ал кейбір кинолар ой тастап, маңызды сұрақтарға жауап тауып береді. Киноиндустрия тек биік өнердің тармағы ғана емес, үлкен пайда әкелетін жоба.


Әлемнің ең қымбат фильмі «Титаник» екенін барлығы біледі. Бұл фильмнің түсіріліміне екі жүз миллион доллар қаржы кеткен.


Алайда, 1963 жылы жарыққа шыққан «Клеопатра» фильмінің қаржысы 44 миллион долларды құраған. Егер де бұл қаржыны қазіргі доллар бағасымен есептейтін болсақ, киноға кеткен қаржы үш жүз миллионнан асады.

Уильям Шекспир - кинорежиссер арасында кең танылған автор. Оның шығармаларының желісімен 300-ден астам кино түсірілді. Қырықтан астам фильм сюжетіне Шекспир шығармалары арқау болған. Шекспирден кейін кең танылған автор - Антон Павлович Чехов.

Жюль Верн романының желісімен түсірілген «Вокруг света за 80 дней» фильмі 1956 жылы түсірілді. Киноға бас-аяғы 8552 жануар әкелінген.


Ричард Аттенбороның «Ганди» фильміндегі жерлеу түсіріліміне үш жүз мыңға жуық қосалқы әртістер шақырылған. Бір ғана көріністі түсіру үшін алты мың метр кинопленка жұмсалған. Оның барлығын көру үшін шамамен 188 минут (3 сағат 8 минут) уақыт керек. Бір көріністің өзін толық бір фильм деп айтуға болады.

Суреттер ғаламтор беттерінен алынған.