Оқи отырыңыз

Тілмен байланған қолмен шешілмес.

Автор: Француз мақалы

— Редактор бағаны —

Бір жылдан кейін орындалған аманат...
Бір жылдан кейін орындалған аманат...

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Мәдениет / Кино / Кино түсіргенде неге жасыл фон пайдаланады?

Кино түсіргенде неге жасыл фон пайдаланады?

Кино түсіргенде неге жасыл фон пайдаланады?

Адамзаттың дамуымен бірге кино өнері де жыл өткен сайын шарықтап келеді. Айналасы жүз жылдың ішінде адам баласы бұл саланы маңызды идеологиялық құралға айналдырып, оның өндірісіне көптеп қаржы жұмсайтын болды. Десе де, фильм шығару кезінде бәрі ақшаның күшімен шешіле бермейді. Сол себепті де өндірушілер түсірілім жұмыстары мен монтажды жеңілдететін ұтымды әдістер ойлап табуға мүдделі. Кино мамандарының қиялын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін сондай әдістің бірі "хромакей" (ағыл. "сhroma key" – "түсті кілт") деп аталады. Бұл – бірнеше бейнені бір компазицияға біріктіру. Яғни, хромакей әдісін пайдаланғаннан кейін экранда шын өмірде болмаған жаңа көрініс пайда болады. Бала кезде бір суретті қиып алып, оны басқа суреттің үстіне жабыстырып ойнаған ба едіңіздер? Хромакей де сол жүйе бойынша жұмыс жасайды. Әр бейне жеке-жеке түсіріліп немесе компьютермен салынады да, кейін бірінің үстіне бірі жабыстырылады. Нәтижесінде толыққанды компазиция құрылады.

Түсініктірек болу үшін Массагет порталының осыған дейін жүзеге асырған жобаларынан мысал келтірейік. "Экономика сабақтары" жобасындағы жүргізуші Ербол Жұмабайұлының дәріс түсіндіретін бөліктері толығымен осы әдіспен түсірілген.


Ол үшін не қажет?

1. Жүргізуші жасыл фонның алдында тұрып, дәріс өтті.

2. Түсірілген видео арнайы монтаж бағдарламасына салынып, сол жердегі фонды алып тастайтын эффект арқылы видеодағы жасыл түс атаулы толығымен өшірілді. Жүргізушінің айналасы бос кеңістік болып қалды.

4. Қолмен қаланың суреті салынды. Ол сурет монтаж бағдарламасы арқылы жүргізушінің артына қойылды. Жүргізуші экранның сол жақ бетіне жылжытылды.

5. Бос қалған оң жаққа арнайы дайындалған қосымша жазулар мен massaget.kz порталының логотипі қойылды.

Ал енді басты сұраққа келейік. Неге жасыл түс? Негізінде фонға кез келген түсті қойып, оны бағдарлама арқылы алып тастауға болады. Кей кезде белгілі бір эпизодтар қызыл түске түсірілетіні де содан. Бірақ, адам түсіргенде міндетті түрде фон жасыл немесе көк түсті болуы керек. Өйткен адам терісінде осы екі түс аз кездеседі. Мысал ретінде порталымыз түсірген кезекті бір видеоға тоқталайық. "Гүл алып көрген жоқсыз" деп аталатын бұл туындыда монолог оқып тұрған кейіпкердің артында ана мен баланың суреті пайда болуы керек. 

Көріп тұрғандарыңыздай, егер бұл сәт жасыл фонға түсірілсе, онда кейіпкердің жүзінде ешқандай түстік өзгеріс болмайды. Ал, егер ол қызыл фонға түсірілген болса, онда оны өшіру кезінде кейіпкердің беті бозарып кетеді. Ал, қара фон қолданылса, онда бағдарламаға салғанда адамның шашы, қасы, қарашығы көрінбей қалар еді. Көк түске келер болсақ. Бұл түстегі фондар да сұранысқа ие. Дегенмен, оның қолданылуы уақыт өткен сайын сиреп барады. Басты себебі, заманауи кино камералар жасыл түсті көк түске қарағанда жақсы қабылдайтындығында. Сондай-ақ, көк түсті фон джинсы киген немесе көзі көк адамдарды таспалағанда қолайсыздық туғызады.

Көріп тұрғандарыңыздай, хромакейдің осындай ерекше қасиеті бар. Қазіргі уақытта фильм өндірісі кезінде жасыл фон өте жиі қолданылады. Тіпті, актерлері студияның ішінен шықпай, толықтай осы әдіспен түсірілген фильмдер де бар. Хромакей мен компьютерлік технологияларды байланыстыру арқылы адамзат ойындағы сан алуан қиялын жүзеге асырып, оны басқаларға көрсетуге мүмкіндік алып отыр.

Оқырманға сауал:

Жасыл фон қолданылған қандай фильмдерді білесіз?

Монтажға қатысты тағы қандай қызықтар білгіңіз келеді?

596 2
Рейтинг: +2

Дайындаған: Yernar Almabek
Фото: massaget.kz
Қосылған күні: 11 қыркүйек, 16:18
Пікірлер

Бұл жазбаға әлі пікір жазылған жоқ. Бірінші болып пікір білдіріңіз.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...