Гүл алып көрген жоқсыз...

Гүл алып көрген жоқсыз...
Фото: istudy.com.ua

Бүкіл әлем болып тойлайтын 8 наурыз әйелдер мерекесі – ерекше күн. Себебі ақ жаулықты әжелеріміздің, аяулы аналарымыздың, айдай көркем қарындастарымыз бен әпкелеріміздің жүзінен шуақ төгіліп, көңілдеріне қуаныш үміті ұялып, бақытқа кенелетін күні. Бұл күні ер-азаматтар көктемнің белгісіне айналып кеткен гүл шоқтарын көтеріп, сүйіктілеріне, аналарына асығады. Сыйлық жасап, сырласып, марқайып қалады. 

Нәзік жандылардың мерекесі қарсаңында шынайы болған, өмірден алынған төмендегі әлеуметтік ролик сізді ойландыру керек. Иә, шынымен ойланыңыз. Себебі біз бәрін ескермейміз. Ұмытып кететін дүниелеріміз де бар. Ол әлі гүл шоғын алып көрген жоқ...

М. Ақан