АҚШ-та "Шебер мен Маргарита" романы желісі бойынша фильм түсіріледі

АҚШ-та "Шебер мен Маргарита" романы желісі бойынша фильм түсіріледі
Фото: intermediachannel.it

Михаил Булгаковтың  "Шебер мен Маргарита" романы желісі бойынша түсірілетін фильмге жауапты тұлға – ресейлік продюсер Светлана Мигунова-Дали ("Аңыз 17"). Ол америкалық New Crime Productions компаниясымен бірлесе отырып, аталмыш романның тағы бір экранизациясын жасауды жоспарлап отыр. Қазіргі таңда жоба тек талқылану үстінде және сценариіне өзгерістер енгізіліп жатыр. Deadline хабарлауынша фильмнің америкалық продюсері  Грейс Ло ("Джакузидегі уақыт машинасы") болады.

Булгатовтың романы бұрын бірнеше рет фильм желісіне арқау болса да, жоспардағы туынды шығарманың алғашқы америкалық экранизациясы болмақ. 80-ші жылдары дәл осы жобаны Роман Полански өз қолына алған болатын, бірақ одан түсетін қаржының аздығына байланысты Warner Bros. компаниясы жобадан бас тартыпты. Жаңа картинаның қаржысы $50–100 миллионға жоспарланып отыр.

А. Оралқызы