"Немоны іздеу" анимациялық фильмі

"Немоны іздеу" анимациялық фильмі
Фото: vk.com

2004 жылы "Үздік анимациялық фильм" санаты бойынша "Оскар" сыйлығын жеңіп алған "Pixar" студиясының "Немоны іздеу" атты туындысының қазақ тіліндегі нұсқасын назарларыңызға ұсынамыз. Драма, комедия жанрында түсірілген бұл фильм барлық жастағы адамдарға арналған. Әке мен баланың қарым-қатынасына құралған оқиға желісі кез келген жанды елітіп әкетеді.

Тағдыр тәлкегімен әйелінен айырылған сайқымазақ-балық Марлин ұлы Немоны жалғыз өзі тәрбиелеген. Жыртқыштардан әбден қорқып қалған ол баласын жанынан екі елі жібергісі келмейді. Дегенмен, уақыт бір орында тұрмайды емес пе? Немо да өсіп, мектепке баратын жасқа жетеді. Күндердің бір күнінде сыныптастарымен серуенге шыққан ол әкесіне қырсығамын деп қауіпті аймаққа өтіп кетеді де, драйвердің қолына тап болады. Жалғызынан айырылған Марлин оны іздеп жолға шығады. Жолай түрлі қауіп-қатерді бастан кешеді. Баласын іздеген сайқымазақ-балық жайлы аңыз бүкіл мұхитқа тарайды. Жәндік атаулының бәрі қаһарман әкенің ұлын табуына тілектес болады.

Y. Almabek