- Негізгі бет
- Кино
- "Джунгли кітабын" қазақ...
"Джунгли кітабын" қазақ тілінде көріңіз
Фото:
vk.com
Редьярд Киплингтің әйгілі шығармасының желісі бойынша түсірілген бұл фильм 2016 жылы жарыққа шықты. Сол жылы джунглидегі қасқырлар арасында өскен Маугли есімді баланың өмірін, бастан кешкен қиындықтары мен Шерхан атты жолбарыспен қақтығысын баяндайтын туынды қазақ тіліне де аударылған болатын.
Картинаның дубляжын отандық «Aray Мedia Group» кәсіби дыбыс жазу студиясы, ал ақтық дубляжды Лондонның «Shepperton» студиясы жасады. Дубляждың режиссері – Айжан Жамшитова болса, бас кейіпкерлерді Бекболат Құрманғожаев (Багира), Ислам Зейноллаев (Шерхан), Айнұр Бермағанбетова (Каа), Ақарыс Өтеулов (Маугли) сынды өнер майталмандары дыбыстады.
Назарларыңызға "Джунгли кітабының" қазақ тіліндегі нұсқасын ұсынамыз. Көріңіздер, бөлісіңіздер!
Y. Almabek