"Көкке" анимациялық фильмі

"Көкке" анимациялық фильмі
Фото: http://goroddetei.ru/

"Pixar" студиясының 2009 жылы шыққан бұл туындысы Карл Фредриксен есімді қарияның оқиғасынан бастау алады. Карл өзінің өмірлік жары Эллиді сонау бала кезінде кезіктірген. Қос ғашық "Жұмақ сарқырамасының" зерттеушісі Чарльз Манцтың жанкүйерлері еді. Алғашқы кездесулерінің бірінде Элли Карлге "Жұмақ сарқырамасына" барғысы келетінін айтады. Карл болса сол сапарға арналған дережабльді құрастыру жұмыстарын өз мойнына алады. Осылай екеуінің махаббат хикаясы басталады. Алайда тағдыр бастарына салған қиындықтар мен қу тіршілік уақыттың қалай зулап өткенін байқатпайды. Олар армандаған сарқырамаға енді барамыз-ау деген шақта Элли өмірден озады. Карл болса сүйіктісіне берген сөзін қалайда орындау үшін өз үйінен дережабль жасап, Оңтүстік Америкадағы "Жұмақ сарқырамасына" ұшуды ұйғарады. Бұл сапарда қарияны көптеген тосын сыйлар күтіп тұрған еді.

2010 жылы ең үздік толықметражды анимациялық фильм және фильмге жазылған үздік музыкасы үшін "Оскар" сыйлығын жеңіп алған туындыны қазақ тіліндегі нұсқасын назарларыңызға ұсынамыз.

Y. Almabek