Жаңажылдық үздік фильмдер

Жаңажылдық үздік фильмдер
Фото: Mondanite

Жаңа жыл қарсаңында теледидардан жаңажылдық ән кештері мен арнайы бағдарламаларды көп көреміз. Алайда, жыл сайын мереке қарсаңында күтетін өзіндік киноларымыз бар екені белгілі. Жаңа жылға екі-үш күн қалғанда, теледидар аңдатпасынан  «Үйде жалғыз қалғанда» (Один дома), «Санта Клаус», «Жаңа жылдағы неке» (Новогодний брак), «Жеңіл буыңызбен» (С легким паром) сынды кинолар тізбегін бірден аңғарамыз. Қайталап көруден жалықпайтын осындай фильмдер тізбегін өзге уақытта қарағаннан гөрі жаңа жыл қарсаңында қараған қызығырақ. Ендеше фильмдер төңірегінде мәлімет ала отырыңыздар.

1. Үйде жалғыз қалғанда – Крис Коламбустың бұл фильмі 1990 жылы жарық көрген. Ширек ғасыр өтсе де балалар қауымы бұл фильмді ерекше қызығушылықпен қарайды. Басты рөлде ойнайтын Маколей Калкиннің  шытырман іс-әрекеттері күлкіге қарқ қылады. Комедия жанрында түсірілген фильм барысы жаңа жылдың этюдтері арқылы көрерменді өзіне баурап алады.

2. Санта Клаус – 1994 жылы премьерасы болған бұл фильмді бүгінгі таңда бірнеше мемлекет өз тілдеріне аудара отырып қараған. Жаңа жыл қарсаңында болған таңғажайып құбылыстар балалармен қатар ересектерді де қызықтырмай қоймайды.

3. Жеңіл буыңызбен! – 1975 жылы премьерасы өткен бұл фильмнің жаңа нұсқалары да жарыққа шығып үлгерді. Жаңа жылда жаңа махаббат, жаңа ортаға тап болған түрлі тағдырлардың тоғысуын көрсетеді.

Бұлардан бөлек қазақ тілінде қысқаметражды түрлі бағдарламалық негіздегі фильмдер де жетіп артылады. Десе де әлемдік рейтинг бойынша аталмыш 3 фильм көш бастап тұр.

Ә. Жутаева