Оқи отырыңыз

Талай жан бар аузыменен айды алар, қолымен қосаяқ та соға алмас.

Автор: Мұхтар Әуезов

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

Тек сол адам...
Тек сол адам...

Автор: Әсел Асанова

Статус: Редактор

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Мәдениет / Кино / «Орда» фильмі жарыққа шықты

«Орда» фильмі жарыққа шықты

«Орда» фильмі жарыққа шықты

Бүгін ресейлік режиссер Андрей Прошкиннің «Орда» фильмі көгілдір экраннан көрсетіле бастады. Тарихи жанрда түсірілген фильм жарыққа шықпай жатып, бірқатар жүлделерге қол жеткізіп, киносыншылардың оң бағасын алып үлгерді.

Фильм желісіне XIV ғасырда Алтын Орданың Сарай-Бату қаласында болған тарихи оқиғалар арқау болған. Жәнібек ханның анасы Тайдула аяқ асты дертке ұшырап, көзі көрмей қалады. Көптеген бақсы-тәуіп қанша тырысқанымен, хан анасын емдеп, жаза алмайды. Осы кезде Ордаға Мәскеуде тұратын митрополит Алексий туралы ақпарат жетеді. Оның сөздері жанға дәру, дертке шипа екен. Мұны білген хан уәкілдері Мәскеуге барып, митрополит Алексийді Ордаға шақырады. Кері жағдайда, Мәскеу қаласына шабуыл жасайтындарын айтады. Алексий Ұлы Иван князьдың рұқсатымен Алтын Ордаға қарай жолға шығады. Бар мақсат - Жәнібек хан анасын бойындағы дертінен айықтыру. Алайда, Алтын Ордаға келген бойда ол тарихи шайқастар мен ауыр жағдайлардың куәсі болады.

«Орда» фильмінің түсірілім жұмыстары 2010 жылдың маусымында басталып, бірнеше үзілістермен желтоқсан айында аяқталды. Фильм үшін мыңнан астам киімдер мен XIV ғасыр сәулеті негізінде арнайы декорациялар тұрғызылған. Түсіру тобы әр кез ғалым-зерттеушілерімен ақылдасып, мұражайлардағы XIV ғасырдың жәдігерлерімен танысқан. Фильм кейіпкері қарашай-балкар тілінде сөйлеген. Себебі, бұл тіл сол замандағы қарым-қатынас тіліне біраз ұқсайды екен.

Фильм Мәскеу, Астрахань, Владимирск, Харабалиснк өлкелерінде түсірілген. Халық көп шоғырланған көріністерге жақын маңдағы ауыл тұрғындары түскен. Ал басты кейіпкерлердің бейнелерін Максим Суханов, Андрей Панин, Александр Яценко, Роза Хайруллина, Виталий Хаев, Алексей Шевченков және отандық кино майталмандары Төлепберген Байсақалов пен Дәулет Әбдіғаппаров сомдаған.

«Орда» фильмінің жүлделері:

  • Мәскеу халықаралық кинофестивалі - «Режиссерлік жұмыс», «Ең үздік әйел бейнесі» номинациялары бойынша «Күміс Георгий» жүлдесі;
  • NETPAC ұйымының арнайы сыйы.

Фильмнің тұсауы Мәскеу қаласында қыркүйек айының 11-жұлдызында кесілді. Ал бүгіннен бастап, фильм Ресей, Қазақстан, Украина және т.б. елдерінің кинотеатрларынан көрсетіле бастайды.

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ

Суреттер: vk.com, tatar-rulit.livejournal.com, vmdaily.ru

675 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ
Қосылған күні: 20 қыркүйек 2012, 12:42
Пікірлер
+0
20 қыркүйек 2012, 13:16

Сәтті шыққан деп жатыр ғой

+0
20 қыркүйек 2012, 14:09

Ертең көрем деген жоспар бар)

+0
20 қыркүйек 2012, 14:40

жақсы жақсы)

+0
20 қыркүйек 2012, 17:42

фильмді қайдан көруге болады екен, кім білед??

+0
23 қыркүйек 2012, 03:59

Bul film zhaiynda azattyq saity zhaqsy zhazypty. Mina siltemeden oqi alasyzdar.. Pikirlerdide oqugandarynyz artyq bolmaidy:
http://www.azattyq.org/content/russia_film_horde_tatarstan/24714209.html

+0
23 қыркүйек 2012, 16:00

Жақсы фильм. Ауыр, бірақ өте қызықты. Көруге кеңес беремін.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...