Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Мәдениет / Кино / Британдық "Анна Каренинаның" тұсауы кесілді

Британдық "Анна Каренинаның" тұсауы кесілді

Британдық

Лондон қаласында Лев Толстойдың «Анна Каренина» романы бойынша түсірілген британдық киноның премьерасы өтті. Бұл фильм 2012 жылы көптен күттіріп жүрген кинофильмдердің қатарында болатын. Ал біздің елімізге ол 2013 жылдың қаңтар айында жетуі мүмкін.

Бас кейіпкердің рөлінде – «Кариб теңізінің қарақшыларында» жұлдыз болған 27 жасар Кира Найтли.

Вронскийдің рөлін әлі жұлдызы жарқырап үлгермеген 22 жастағы Аарон Джонсон сомдайды.

Ал бас кейіпкердің бақытсыз жұбайының рөлін «Шерлок Холмс» кинофильмінде ойнаған Джуд Лоу сомдайды.

Атақты сыншылар Найтлидің ойыны мен кинодағы әрбір кейіпкерге сай жасалған таңғажайып киімдерге зор баға беріп отыр. Найтли орыстардың мінезін көрсетіп, олардың классикасын шынайы деңгейде көрсету үшін көп еңбектенген.

Кинокартинаның режиссері Джо Райт оқиғаларды Толстойдан сөзбе-сөз көшіріп алмағандарын мойындайды. «Біз романнан махаббатқа қатысы  жоқ тұстардың барлығын сызып тастадық. Өкінішке орай, автор романға қосқысы келген орыс шаруаларының өмірін біз киноға кіргізе алмадық», - дейді режиссер.

Режиссер Джо Райт

Орыс классикасы Британ киностудиясы бойынша түсірілді. Сонда да жұмбақ Ресей еліне сапар жасалды. Түсірілім барысында бір апта бойы түсірілім тобы қыс мезгіліндегі орыстардың нағыз өмірін көрсету үшін талмай еңбектенген.

«Біз орыс ауылдарында болып, сонда талмай жұмыс жасадық. Қасқырлардың ұлығанына, ауа-райының минус 42 градус суықтығына қарамастан, түсірілім тобынан қалмай еңбектендік», - дейді Китидің рөлін сомдайтын Алисиа Викандер. Киноны ұйымдастырушылардың бақытына орай, орыс ауылындағы түсірілім сәтті аяқталып, актерлер мен қосымша жұмыс күштері аман-есен Тұманды Альбионға қайта оралған.

Айтпақшы, кинофильмде жетекші актерлер ағылшын тілінде сөйлегенімен, сондағы көпшілік тек Толстойдың тілінде ғана бір-бірімен қарым-қатынас жасайды. Бұл үшін режиссер 500 орыстілді адамды пайдаланған.

Естеріңізге сала кетсек, алғашқы «Анна Каренина» осыдан жүз жыл бұрын өмірге келген болатын. Бұл туынды 1910 жылы «Анна Каренинаның тарихы туралы кино» деген атпен жарық көрді. Осы уақытқа дейін «Анна Каренина» жайында 30 кинонұсқа жарық көрсе, оның тек ширегі қана отандық киноөнім болып табылады.

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

суреттер: ifamous.me, 10novostey.ru, segodnya.ua,youreporter.ru

Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Қосылған күні: 06 қыркүйек 2012, 14:18

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.