«Ұлы даланың мәңгілік елі» атты деректі фильмдер сериясы түсірілмек

«Ұлы даланың мәңгілік елі» атты деректі фильмдер сериясы түсірілмек
Фото: newskaz.ru

Тәуелсіздікке тарту. Әлемнің 120-дан астам елін шарлаған саяхатшы Сапар Ысқақовтың бастамасымен «Ұлы даланың мәңгілік елі» атты деректі фильмдер сериясы түсірілмек.

Бұл экспедиция ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналып отыр. Ал 40-50 бөлімге жоспарланған жобада мемлекеттің құрылу тарихы қамтылады. Экспедиция сәуір айында басталып, осы жылдың қарашасына дейін созылмақ. Сапар барысында түсірілім тобы Ресей, Моңғолия, Түркменстан, Әзірбайжан, Украина, Болгария секілді бірнеше мемлекетті аралайды. Сапар Ысқақов, жоба авторы: - Біздің мақсатымыз қазақтың тұлпарының тұяғы қай жерге дейін жеткенін көрсету болып отыр. Біз жастарға бабаларымыздың жүріп өткен жолын көрсетіп, қандай өркениетті ел құрғанын айтып беруіміз керек.

Дереккөз: 24.kz

Е. Жұмабайұлы