Леонардо Ди Каприо «Оскар» сыйлығын алды (видео)

Леонардо Ди Каприо  «Оскар» сыйлығын алды (видео)
Фото: onewayandanother.wordpress.com

Кино әлемінің жарық жұлдызы, актер Леонардо Ди Каприо мансабындағы ең бірінші «Оскар» сыйлығын алды. Ол Америка киноөнері академиясының «Үздік актер» аталымына ие болды.  Америка киноөнері академиясының сыйлығын тапсыру салтанаты голливудтың «Долби» театрында өтіп жатыр.

Ди Каприо сахнада тұрып, барлық жақыны мен өзінің мансабындағы ең биік шыңына шығарған ұстаздарына алғысын жаудырды. Сонымен қатар  Леонардо режиссер Алехандро Гонсалес Иньярритудың  «Жансебіл» (The Revenant) фильмінде басты рөлді сомдағы үлкен мәртебе болғанын айтты. Ең қызығы, бұған дейін актер «Оскар» сыйлығына бес рет ұсынылған. 

С. Ерсін