Леонардо Ди Каприо BAFTA жүлдесіне ие болды

Леонардо Ди Каприо BAFTA жүлдесіне ие болды
Фото: tengrinews

Лондонда BAFTA жүлдесінің 69-шы марапаттау рәсімі өтті, − деп хабарлайды The Variety.

Алехандро Гонсалес Иньярритудің "Выживший" драмасы жылдың ең үздік фильмі атанды. Осы фильмде басты рөлді ойнаған Леонардо Ди Каприо "жыл актері" аталымы бойынша жеңімпаз болды. Ал ең үздік актриса атағы режиссер Леонард Абрахамсонның "Комната" фильміндегі рөлі үшін Бри Ларсонға берілді.

Ұлыбританиялық үздік фильм аталымында режиссер Джон Краулидің "Буклин" лентасы жеңіске жетті. Ұлыбритания кино және телевизия академиясы "екінші пландағы үздік актер" атағын Стивен Спилбергтің "Шпионский мост" киносындағы ролі үшін Марк Райлэнске берді. "Екінші пландағы үздік актриса" атағына Кейт Уинслет ("Стив Джобс") ие болды.


Дерекккөз: tengrinews 

С. Ерсін