Қазақстандық "Номад" каскадерлер тобы "Викинг" фильміне түсуде

Қазақстандық "Номад" каскадерлер тобы "Викинг" фильміне түсуде
Фото: kinoandroids

2016 жылдың желтоқсанында ресейлік "Адмираль" және "Высоцкий. Спасибо, что живой" фильмдерін жарыққа шығарушылар "Викинг" кинокартинасын көрерменге ұсынбақ. Фильмдегі ұрыс сахналарын қазақстандық «Номад» каскадерлер тобы жасайды. Номадтық жігігттер осыған дейін түрік елінде былтырдан бері түсіріліп жатқан "Ертоғрулдың өрлеуі" деп аталатын тарихи сериалдарда жұмыс істеген.

Викинг − князь Владимир Святославичтың билікке келу жолын баяндайтын тарихи-көркем фильм. Ерте орта ғасырдағы қанды кез бен қылышпен өткен өмірді көрсетеді. Режиссер Андрей Кравчук фильмнің көпшілікке ұнайтынына сенімді. Ал көркем фильмде басты рөлдерді Данила Козловский, Светлана Ходченкова сияқты танымал актерлер ойнайды. Фильмді түсіру қаржылық киындақтарға байланысты 2009 жылдан бері әлі жалғасып келеді. Соған сәйкес фильмді түсірушілер голливудтық актерлерден бас тартуға мәжбүр болған. Фильмнің жалпы бюджеті  900 миллион рубль.

Фильм прокатқа 2016 жылы 22 желтоқсанда шығады деп күтілуде.

Дереккөз: baistars 

С. Ерсін