Әр заманның үздік фильмдері анықталды

Әр заманның үздік фильмдері анықталды

Беделді Sight & Sound журналы Британ кинематограф институтының бастауымен сыншылар мен режиссерлер арасында он жылда бір рет болатын дәстүрлі сауалнаманың қорытындысын жариялады.

Киносыншылар рейтингісін Альфред Хичкоктың «Вертиго» (Головокружение / Vertigo) фильмі бастап тұр. Екінші орында – алдыңғы жүз жылдықтың үздік шығармаларының бірі – Орсон Уэллстың «Азамат Кейн» (Гражданин Кейн / Citizen Kane) фильмі. Үздік үштікті жапон режиссері Ясудзиро Одзудың «Токио хикаясы» (Токийская история) жұмырлайды, режиссерлердің нұсқасында бұл фильм бірінші орында.

Ал Альфред Хичкоктың триллерін режиссерлер Фрэнсис Форд Копполаның «Өкіл әкесімен» (Крестный отец) жетінші орынға қойған. «Азамат Кейн» турасында фильм жасаушылар мен сыншылардың ойы бір жерден шығыпты. Алайда, Стэнли Кубриктің «Ғарыш одиссеясы» мен «Азамат Кейннің» ұпай саны бірдей болған екен. Сыншыларда «Ғарыш одиссеясы» алтыншы орында.

Сонымен қатар, сыншылардың пікірінше әр заманның киношедеврлерінің ондығына Жан Ренуардың «Ойын ережесі» (Правила игры) француз драмасы, неміс режиссері Фридрих Вильгельм Мурнаудың «Таң: екі адамның әні» (Рассвет: песня двух человек) голливудтық туындысы, Джон Фордтың «Іздеушілер» (Искатели) вестерні, көркем фильмдер классикасы Дзиг Вертовтың «Киноаппараты бар адам» және Карл Теодор Драйзердің «Жанна Д'Арктың құштарлығы» (Страсти Жанны Д'Арк) мылқау драмасы кірген.

Заңғар фильмдердің ондығын киносыншылардың пікірімен Федерико Феллинидің «8 жарым» (8 с половиной) фильмі тәмамдайды. Осы фильмге режиссерлер төртінші орын берген екен. Сонымен қатар, режиссерлер ондыққа Фрэнсис Форд Кополланың «Апокалипсис бүгін» (Апокалипсис сегодня) фильмін, Мартин Скорсезенің «Таксистін», Андрей Тарковскийдің «Айнасын» (Зеркало) және Витторио Де Сиктің «Велосипед ұрлаушылар» (Похитители велосипедов) фильмін кіргізген.

Сауалнамаға барлығы 846 беделді киносыншылар мен әлемдік кинематография қайраткерлері қатысқан.

Сурет: timstvshowcase.com

Дайындаған: Анар Мұстафина

A. Mustafina