Кино кастинг жарияланды

Бұл жолғы роль бұрынғыдан өзгерек. Қазақтың маңдайына біткен ұлы дирижері, домбырашы, композиторы Нұрғиса Тілендиевтің ролін сомдауға актерлер арасында байқау басталды, - деп хабарлады Gakku арнасының сайты.

Басты рольден бөлек, қосалқы образдарды да алып шығуға ынталылар шақырылады. Көп бөлімнен тұратын көркем фильм «Құстар әні» деп аталады. Ұқсас келбеттен бөлек, мінез-құлықтың да сай келуі маңызды. Бірақ ол білікті актерлер үшін қиын болмасы анық.