Қасым Қайсенов бейнесін Қуандық Қыстақбаев сомдайды

Қасым Қайсенов бейнесін Қуандық Қыстақбаев сомдайды

Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының актері, «Сардар», «Келін» фильмдерінде басты рольде ойнаған Қуандық Қыстықбаев бүгінгі таңда Украина, Ресей, Қазақстанның қолдауымен, Халық қаһарманы Қасым Қайсенов туралы түсіріліп жатқан 4 сериалы фильмде басты рольді сомдау үшін Қасым бейнесіне таңдалып алынды. Ресей мен Украина актерларының қатысуымен жарыққа шығатын бұл кино Украина даласында, 13 шілдеден түсірілімдерін бастады. Белорустық Белозорович Леонид Григорьевичтің режиссерлығымен қолға алынған сериалда Қазақстаннан Қуандық Қыстықбаевпен қатар актер Ерболат Тогузаков Қасымның елесіндегі әке бейнесін сомдайды.

«Қасымдай қайсар бейнені сомдау мен үшін үлкен жауапкершілік. Бірақ атамекеннің ауасын сағынып үлгердім» дейді талантты актер Қуандық.

2002 жылы режиссер Болат Қалымбетовтың «Сардар» кинофильмінде басты рөл – Құлжадан кейін, 2004 жылы басты рөл – Алматты сомдап режиссер Қуат Ахметовтың «Человек ветер» кинофильміне түсті.

2008 жылы «Келін» фильмінде басты рөлді алып шықса, 2010 жылы «Семь майских дней» фильмінде басты рөлді ойнатуға режиссер Ермек Тұрсынов тағы да Қуандықты таңдады.

Астана қаласындағы Қаллеки театрының белді актері, талай тұлғаларды сахна төріне алып шығып, халықтың ықыласына бөленіп, қазақ батырларының қандай болғанын украин даласында дәлелдеп жүрген Қуандықтай дарабозға тек қана сәттіліктер тілейміз.

Жолдаған: Гүлнұр Көлбай

М. Оңғарова